"Бағалау" білім беру бағдарламасының мақсаты сақтандыру қызметі, салық және салық салу, құқық, экономика және қаржы саласындағы мамандарды даярлау болып табылады.
Бұл мамандық қазіргі заманның ең беделді және сұранысқа ие мамандықтарының қатарына кіреді, ол студенттерде несие-қаржылық қызметтің маңызды құрамдас бөліктері – бағалау туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
"Бағалау" мамандығы бойынша дайындалатын кәсіби мамандар:
- агент;
- техник-бағалаушы.
Осы бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтаған кезде жоғары білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыруға болады.