Графикалық дизайнер - графикалық құралдармен қоршаған ортаны безендіруді ұйымдастыру жөніндегі маман. Дизайнер - идеялар генераторы.
Графикалық дизайнердің міндеттеріне мыналар жатады: айналамыздан көп көретін маңдайша жазулармен, жарнама тақталарымен, плакаттармен, көрсеткіштермен, белгілермен және схемалармен жұмыс істеу, интернет-сайттар, журналдар, газеттер, парақшалар, кітаптар мен дискілердің тыстары, мейрамханадағы мәзірлер, тауарлар каталогтары, визиткалар сияқты бізге қажетті ақпараттың жеңіл оқылуын жасау, сондай-ақ өнімдерді, өнеркәсіптік тауарларды қаптау және витриналарды графикалық рәсімдеу.
Графикалық дизайнер мамандығының бірнеше бағыты бар және бір дизайнер оның бір бағытында ғана жұмыс істей алады не екі немесе үш бағытты да қатар жүргізе алады.
Креативтілік, өзіндік ойлау, заттарға бейдәстүр көзқараспен қарау сияқты қабілет болмаған жағдайда жұмыстың нәтижесі нөлге тең болады. Дизайнердің жасырын қасиеттері - табандылық, еңбекқорлық, шыдамдылық.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің информатика және сызу саласында білімі болуы тиіс.
Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты болады. Маман өз білімін мамандандырылған компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеу кезінде қолданады.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 2-3 жыл. Бұл мамандықта тәжірибенің болуы өте маңызды.
Графикалық дизайнер мыналарды:
- сурет салуды, сызбаларды орындауды;
- растрлық және векторлық графикалық редакторлармен жұмыс істеуді (Photoshop, Illustrator, CorelDraw);
- беттеу бағдарламаларымен жұмыс істеу, ретушь пен түстерді коррекциялауды меңгеруді;
- бағдарламалауды және компьютерлік бағдарламалармен және т.б. жұмыс істей білуі керек.
Жұмыс көбінесе компьютерді немесе арнайы құралдарды – қағазды, планшеттерді, бейнелеу құралдарын және т.б. қолдану арқылы жүзеге асырылады. Графикалық дизайнердің жұмысы іссапарларды, жол-сапарларын немесе тапсырыс беруші клиенттермен іскерлік кездесулерді болжайды.
Бұл мамандықтың кемшілігі - арқаның, мойынның және көздің ауырсынуына әкеп соғуы мүмкін кәсіби аурулардың пайда болуында, себебі графикалық дизайнердің жұмыс қалпы - компьютерде ұзақ уақыт отырып жұмыс істеуінде.
Бұл мамандықтың артықшылығы - уақыт өте келе, өзінің жеке кәсіби тәжірибесін жинақтаған соң, өзіне жұмыс істей бастауы мүмкіндігінде. Дизайнер мамандығы өз қызметінде айтарлықтай тәуелсіз болуға және алға қойған міндеттері аясында өз шешімін қабылдауға үйретеді.
2025 ж. 1 қыркүйек