Өнеркәсіптік өнім дизайнері интерьер мен экстерьер заттарының, өнімдер мен жабдықтардың көркемдік безендірілуін жақсартуға бағытталған техникалық және шығармашылық қызметпен айналысатын маман.
Өнеркәсіптік өнім дизайнері адам қызметінің барлық салаларын қамтуы керек, мысалы: тұрмыстық аспаптар, автомобильдер және басқа да көлік құралдары, өнеркәсіптік өндіріске арналған технологиялық жабдықтар, инженерлік құрылғылар мен құрылыстар, визуалды коммуникациялар, интерьер элементтері.
Өнеркәсіптік дизайнды жасаудағы басты міндет - оның ыңғайлы, пайдалы, эстетикалық тұрғыда тартымды, заманауи және қауіпсіздікке сәйкес келетіндігіне көз жеткізу.
Тәжірибесі аз өнеркәсіптік өнім дизайнерінің орташа жалақысы 100-120 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің өнер, сызу, математика саласында білімі болуы тиіс.
Өнеркәсіптік өнім дизайнері коллекциялардың тұжырымдамаларын ойлап табады, эскиздердің суретін салады, модельдерді құрастырады, техникалық құжаттамаларды дайындайды, барлығын өндіріске қосады және сапасын бақылайды. Сондай-ақ ол тігіншінің өлшемін алу, өрнек салу, тігу сияқты жұмыстарын орындай алады, бірақ бұл оның негізгі міндеті емес.
Креативтілік және идеяларды түрлендіру қабілеті, шығармашылық ойлау, зерделілік пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен шыдамдылық, жауапкершілік, коммуникабельділік сияқты жеке қасиеттер қажет. Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 5 жыл.
Осы қызықты да шығармашыл мамандықтың артықшылығы - атақты және танымал болу мүмкіндігінің болуында, демек жақсы табыс табу, сондай-ақ қажетті жағдай туындаған кезде үйде отырып жұмыс істей беру мүмкіндігі де бар. Жұмыс қиын, бірақ қызықты.
Жас маман жұмыстың кез-келген кезеңінде тапсырыс берушімен келіспеушіліктің негізінде туындаған стресстік жағдай сияқты қындықтарға тап болуы мүмкін.
Мамандықтың кемшілігі - жұмыс көп уақытты алуы мүмкін, өйткені уақытты тапсырыс беруші белгілейді, ал егер дизайнер үлгермей жатса, күндіз де, түнде де жұмыс істеуге тура келеді.
2025 ж. 1 қыркүйек