Техник-электроншы - электрондық техникаға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын, оның жұмысқа қабілеттілік жағдайын, ұтымды пайдаланылуын, оған профилактикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететін маман.
Бұл маманның міндетіне электронды жабдықтың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету кіреді. Перспективалық және ағымдағы жоспарлар мен жұмыс кестелерін, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу, оны пайдалануды жақсарту және электрондық техниканы пайдалану тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Электрондық есептеу машиналарын жұмысқа дайындауды жүзеге асыру, жекелеген құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеру, жабдықтың электрондық элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылау.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін студенттің физика, информатика саласында білімі болуы тиіс.
Еңбекақысы жұмыс орнына, біліктілік деңгейі мен тәжірибесіне байланысты болады - орта есеппен алғанда жас маманның жалақысы 100 мың теңгені құрайды.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы - өздігінен жеке немесе ұжым құрамында жұмыс істеу мүмкіндігінде. Мансаптық өсудің міндетті шарты - үнемі өздігінен білім алу, біліктілігін арттыру. IT-компанияларда жұмыс істеу кезінде мансапты дамытудың басқарушылық жолы болуы мүмкін.
Жас маманға өзін жоғары кәсіби қызметкер ретінде көрсету алуы маңызды. Мамандық техникалық және аналитикалық ойлау қабілеті бар адамдарға лайық. Табысты жұмыс және мансаптық өсу үшін ұқыптылық, зерделілік, мақсаттылық, өз бетінше шешім қабылдай алу қабілеті, жауапкершілік сияқты белгілі бір жеке қасиеттердің жиынтығы қажет.
Бұл мамандықтың кемшілігі - арқаның, мойынның және көздің ауырсынуына әкеп соғуы мүмкін кәсіби аурулардың пайда болуында, себебі маманның жұмыс қалпы компьютерде ұзақ уақыт отырып жұмыс істеуінде болып табылады.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды даму үстінде, сондықтан осы маманға деген сұраныс үнемі өсіп отырады. Жетістікке жетіп, жақсы табыс табу үшін ең өзекті бағыттарды игеріп, осы саланың соңғы үрдістерін бақылап отыру керек. Барлық қажетті білімді әрдайым практикалық жұмыс барысында немесе түрлі курстарда меңгеруге болады.