Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі
Жеке меншік мекеме ҚТЭК іргетасы 2004 жылы қаланған. Директоры – Казыбекова Жанаргуль Нурлановна.
Колледжде кәсіби білімі жоғары оқытушылар ұжымы қарқынды жұмыс істейді.
Жоғары білімді педагогикалық қызметкерлер саны – 33 адам, соның ішінде жоғары және бірінші санатты – 11 адам
Колледжде: оқу ғимараты (450 орындық), акт залы (98 орындық), оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар, компьютерлік сыныптартар, спорт залы, теннис залы, медициналық бөлім, кітапхана, оқу залы.
Жетістіктер
ҚТЭК қызметкерлерінің педагогикалық жұмыстарының құрамдас бөлігі – бұл ғылыми-зерттеу жұмысы. ҚТЭК ғылыми-зерттеу жұмыстары оқытушылардың кәсіби құзыретін жетілдіруге, алдыңғы қатарлы тәжірибені оқытушылардың әдістемелік мәдениетін дамытумен ұштастыруға бағытталған. Жоғарыда аталған жұмыстар мынадай түрлерде жүзеге асырылады, атап айтқанда:
Облыстық әдістемелік бірлестік жұмыстарына ат салысымы түрінде, республикалық, қалалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысым.
1. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен көрме байқауына қатысым қорытындысы: үш бірінші орын, екі екінші орын, екі үшінші орын (2014ж)
2. Графикалық дизайн бойынша мектеп пен колледж арасында өткен облыстық олимпиадаға қатысым қорытындысы: екі екінші орын, екі үшінші орын (2014ж)
3. ҚЭСК қабырғасында физика пәні бойынша Облыстық олимпиада өтті (04.04.2014ж)
4. Қарағанды экономикалық университетінде өткен «Бағалаушылар көшбасшысы» атты олимпиадаға қатысым қорытындысы: бірінші орын (2014ж)
5. Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің оқушылары арасында республикалық облыстық жарыстарда алынған жүлделі орындар.
Мамандықтар туралы ақпарат
Мамандар дайындау жұмыстарына байланысты мамандықтар және біліктіліктер аталымдары:
1) 02110300 Графикалық және мультимедиялық дизайн
біліктілігі: 02110304 Графикалық дизайнер (графикалық дизайншы)
2) 02120200 Киім дизайны
біліктілігі: 02120203 Киім дизайны
3) 02120300 Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны
біліктілігі: Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны
4) 04120200 Бағалау (түрлері бойынша)
біліктілігі: 04120202 Техник-бағалаушы
Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 80%.
5) 04110100 Есеп және аудит
біліктілігі: 04110102 Есепші
Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 92%.
6) 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
біліктілігі: 06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы
06120102 Желілік және жүйелік әкімшілендіру технигі
7) 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
біліктілігі: 06130103 Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі
8) 06120200 Ақпараттық қауіпсіздіқ жүйесі
біліктілігі: 06120202 Ақпараттық қауіпсіздіқ технигі
9) 07140500 Сандық техника (түрлері бойынша)
біліктілігі: 07140501 Сандық техниканы монтаждаушы-реттеуші
07140504 Электроншы-техник
06130105 Ақпараттық жүйе технигі
Байланыс телефондары:
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., д. Н.Назарбаев, 37 үй
Қабылдау бөлмесі: +7 (7212) 25-57-37, +7 700 630 0640
Email: kf_aies2005@mail.ru
https://www.instagram.com/ktekcolledge.krg/
ТолығырақЖақсы колледж
здорово